Альгин қышқылы

Натрий, калий, магний альгинаттары(альгин қышқылының тұздары)-сұйық ортаға түскен кезде ісініп, гель түріне енетін теңіз ламинариясынан құралған полисахаридтер тобы. Осы қасиеті мен биохимиялық құрамына байланысты альгинаттар көптеген аруру түрлері мен ағзадағы теріс өзгерістерге қарсы тұратын құнды өнім болып табылады.

Ас қорыту жүйесінің реттелуі

Альгинаттар асқазан ішек жолдарына максималды оң әсер етеді. Альгин қышқылының тұздары емдеуде және профилактикалық шарада қолданылады:

  • дисбактериоз кезінде. Микробқа қарсы мықты күшінің арқасында альгинаттар патогенді микроағзаларды жойып, сау ішек микрофлорасын түзеді;
  • бауыр мен өт жолдары қызметінің нашарлауы кезінде;
  • құрысулар кезінде. Кальций альгинаты ішектің шамадан тыс жиырылуын бәсеңдетіп, қызметін реттейді;
  • ойық жаралар мен қабынулар кезінде. Асқазан сөлімен араласа отырып, альгинаттар асқазанның шырышты қабатын гель тәріздес қабыршықпен түзеді. Аталмыш қабыршық пепсин ферменті мен асқазан қышқылының зарарынан қорғайды. Осы себепті қабыну процесі мен қансырау басылып, жаңа жасушалар түзіліп, асқазандағы ойық жаралар жазыла бастайды.

Асқазан-ішек жолдарының қабынулары мен ойық жараларының жазылуы

микробқа қарсы әрекеті

ішектің жиырылуы мен ауырсынуларының басылуы

ас қорыту жүйесі жасушаларының регенерациясы

Жүрек қантамырлар жүйесінің сауығуы

Альгин қышқылдары жүрек қантамырлар жүйесіне емдік сауықтыру әсерін береді. Құрамында альгин қышқылдары бар өнімдер аритмия, жүректің ишемиялық қабынуы, зат алмасу мен жүрек бұлшықеті қызметінің бұзылуы кезінде өте пайдалы.

Альгинаттар антиоксиданттық, спазмолитикалық, тромбозға қарсы керемет әсер беріп, қан қысымын төмендетеді. Сонымен қатар, ағзаны жүрек қантамырлар ауруларын қоздыратын қан құрамындағы иммундыкешендер мен ағзадағы өз жасушаларына қарсы тұратын ақуызды аутобөлшектерден тазалайды. Ал, осы полисахаридтердің ағзадан «жаман» холестериндерді шығаратын бірегей қасиеті атеросклероздың алдын алады.

жағдайдың аритмия, ишемия мен микрокардиострофия кезіндегі жеңілдеуі

жүрек бұлшықеті жұмысының реттелуі

қан ұйықтарының түзілуіне қарсы кедергі

атеросклероздың даму қаупінің төмендеуі

қан қысымының төмендеуі

антиоксиданттық және спазмолитикалық әрекеті

Ағзаны уытсыздандыру

Альгинаттар орасан зор сіңіргіш қасиетке ие. Осыған байланысты ағзада қарқынды түрде уытсыздандыру процесі жүреді. Ағзаны іштей тазалай отырып, альгинаттар инфекциялық және тағамдық аллергияның белгілерін жойып, дертті жеңілдетеді. АЛЬГИНАЛЬ Пульвистің құрамындағы альгин қышқылдары микроэлементтік және сулы-тұзды тепе —теңдікті сақтай отырып, ағзаны ауыр металдар(сынап, қорғасын, т.б.) мен радиоактивті элементтер-уран, торий, америций, стронций мен цезийден арылтады.

абсолютті қауіпсіз әсер

улану мен токсиндік ыдырау өнімдері деңгейінің төмендеуі

тағамдық және инфекциялық аллергия белгілерінің азаюы

ауыр металдар тұзы мен радионуклидтердің шығуы

Иммунитетті күшейту мен қатерлі ісіктің алдын алу шаралары

Альгинаттар иммунитетке үш есе әсерінің арқасында ағзаның қорғаныш міндетінің түзілуі мен беріктігін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда:

  • фагоцитозды белсендендіреді, нәтижесінде-вирус пен микроб және ісінулерге қарсы қорғаныш қасиеті күшейеді;
  • қан құрамындағы иммундық кешендердің артық мөлшерінен арылтады, нәтижесінде-аллергиялық және қабыну реакцияларының алдын алады;
  • микроағзаларға қарсы тұратын ақуызды айрықша бөлшектердің түзілуін күшейтеді(А иммундіглобулиндері), нәтижесінде-тері мен шырышты қабаттың қорғаныш қасиеті артып, бактериялар мен вирустардың және саңырауқұлақтардың енуіне қарсы тұрады.

стимулирует
синтез антител

вирустарға, микробтар мен ісікке қарсы әрекеті

предотвращает
развитие
воспалений
и аллергических реакций

повышает
барьерные функции
кожи, дыхательных
путей и ЖКТ